50268
Елордада апта сайын өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталды
Елордада апта сайын өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталды
Елордада демалыс күндері өтетін апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкелері басталды. Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлері өз өнімдерін жәрмеңкеге қойды деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Биыл тұрғындардың өтініші бойынша ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу орны былтырғы «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңнан «Барыс Арена» мұз сарайына қарама-қарсы тұстағы аумаққа ауысты.
«Елордада Нұр-Сұлтан қаласының тауар өндірушілерінің, кәсіпкерлерінің қатысуымен дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталды. Жәрмеңкеде түрлі өнімдер ұсынылған: көкөністер, жемістер, сүт өнімдері, ет және басқа да өнімдер. Мұнда бірінші қажеттіліктегі азық-түлік құны оны жеткізу, жол шығындарын ескеріле отырып, бекітілді», – деді Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы азық-түлік қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов.Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне елордаға жақын орналасқан Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кәсіпкерлері қатысты. Кәсіпкерлердің айтуынша, өнімдер тез сатылып жатыр, ал бағалар қалыпты бағадан 10-15%-ға төмен. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің негізгі бөлігі жәрмеңкелерге бірінші жыл қатысып отырған жоқ.
«Мен көкөніс пен жеміс сатамын. Бағасы арзан, барлығы көңілімізден шығады. Жұрт негізінен қияр, қызанақ, алма, қара өрік алады. Мен мұндай жәрмеңкеге екінші рет қатысып отырмын, бұл кәсіпкерлер үшін жақсы мүмкіндік», – деді кәсіпкер.