Қызыл теңізде 16 мың қой тиелген кеме суға батып кетті

Қызыл теңізде 16 мың қой тиелген кеме суға батып кетті

Қызыл теңізде 16 мың қой тиелген кеме суға батып кетті
ашық дереккөзі
50763
Суданнан Сауд Арабиясына мыңдаған қой апара жатқан кеме Қызыл теңіздегі Суакин портында суға батып кетті деп хабарлады turkystan.kz. Кеме шамадан тыс ауыр салмақты көтере алмағандықтан суға батқан. Апат кезінде бортта 15 800 қой болған. Ал кеменің қуаты мұндай салмаққа есептелмеген, тек 9 мың бас малды тасымалдай алады. Оқиға жексенбі күні таңертең болған. «Бадр» кемесі айлақтың маңында бірнеше сағаттың ішінде су астына кеткен. Экипаж мүшесі кемеден шығып үлгерген. Суға батқан малдың жалпы құны 4 миллион долларға бағаланды.

Серіктес жаңалықтары