Елордада егіздер шеруі өтті

Елордада егіздер шеруі өтті

Елордада егіздер шеруі өтті
ашық дереккөзі
50418
Елордада ерекше шеру өтті. Балалар жылы аясында триатлон паркке егіз, үшем, тіпті, төртем туған аналар бүлдіршіндерімен жиналып, бір-бірімен танысты деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 150 отбасы Нұр-Cұлтан қаласында пандемиядан кейінгі алғашқы егіздер шеруіне қатысты. Егіздер шеруі елімізде төрт рет болған. Іс-шара алғаш рет бес жыл бұрын елордадағы шағын шеруден басталды. Пандемия кезінде қауіпсіздікті сақтау мақсатында дәстүр жалғасын тапқан жоқ. Алайда елімізде эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруының нәтижесінде егіздер қайта бас қосты.
«Шерудің мақсаты – егіздердің бірлігі мен достығы. Олар да өздері секілді бір күнде өмірге келген балаларды білуі үшін шара ұйымдастырылды. Егер бірінші жылы 10 ана мен 20 бала қатысса, бұл жолы 145 ана мен 320 бала келді. 10 жұп үшем, төртем болса, қалғандары – егіздер», - деді шараны ұйымдастырушы Земфира Айтмұхамбетова.
 

Серіктес жаңалықтары