51078
Алдағы күндері аптап ыстық болады - Қазгидромет
Алдағы күндері аптап ыстық болады - Қазгидромет
14-16 маусымға арналған ауа райы болжамы белгілі болды деп хабарлады turkistan.kz.
Еліміздің кейбір өңірінде циклон жүрсе де, ыстық сақталуы мүмкін.
Бұл туралы Қазгидромет хабарламасында:
«Батыстан тағы бір антициклон еліміздің аумағына ауыса бастайды. Ол жазғы ауа райын әкелетін оңтүстік ағындармен тікелей байланысты. Кейбір аудандарда найзағай мен қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Соған қарамаcтан ауа температурасы өте жоғары болып қала береді. Тіпті, солтүстік аймақтардың тұрғындары да жылы күндерге кенелетін болады», - деп айтылған.