«Бұл – инфекциялық ауру»: жаңа шектеу шарасы енгізілді

«Бұл – инфекциялық ауру»: жаңа шектеу шарасы енгізілді

«Бұл – инфекциялық ауру»: жаңа шектеу шарасы енгізілді
ашық дереккөзі
50257
Солтүстік Қазақстанның Есіл ауданында жылқы тұмауы тіркелді деп хабарлады turkystan.kz. Бұған сәйкес, Чириковка ауылында шектеу енгізіліп, жылқы мен оның өнімдерін тасымалдауға тыйым салынды. Инфекция ошағында дезинфекциялық шаралар жүзеге асырылып жатыр екен. Жергілікті мамандар өңірде бұрын-соңды мұндай ауру тіркелмегенін айтады. Оның белгілері: малдың қызуы көтеріліп, жөтеледі, танауынан су ағып, әлсірейді. Бұл туралы облыстық Ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қайырлы Қазанов:
«Мал шығыны тіркелген жоқ. Бұл – инфекциялық ауру. Дерт адамға жұқпайды. Карантинге жабылған ауылда мониторинг жүргізіліп, ветеринарлар ауырған малды емдеп жатыр. Оларға антибиотик салынуда. Жалпы алғанда, жағдай тұрақты. 15 күннен кейін шектеу шаралары алынады», - деген мәлімдеме жасады.

Серіктес жаңалықтары