«Жалақы аз»: елдегі дәрігер саны екі есеге азайған

«Жалақы аз»: елдегі дәрігер саны екі есеге азайған

«Жалақы аз»: елдегі дәрігер саны екі есеге азайған
ашық дереккөзі
51142
Кейінгі бес жылдағы статистика бойынша Қазақстандағы ақ халатты абзал жандар екі есеге кеміген деп хабарлады turkystan.kz.
 «Дәрігерлер кем дегенде екі адамның жұмысын істеуге мәжбүр. Сол үшін де қазір медицина саласында қызмет көрсету сапасының төмендеуі, тіпті, өлімге әкелетін жағдайлар көбейген. Қаржыландыру көбейгенімен, ол басқа мақсаттарға жұмсалып жатыр», – делінген Есеп комитеті хабарламасында.
Ал Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник жаңа медициналық кадрларды даярлауға қаржы жетпейтінін айтады. Бүгінде кәсіби белсенді дәрігерлердің 30 пайызы зейнеткерлікке шығу алдында тұр. Алайда олардың орнын алмастыратын мамандар дайын емес. Есеп комитетінің мәліметінше, соңғы бес жылда елімізде медицина қызметкерлерінің тапшылығы өсіп, 23 мың бірліктен асты. Оның 5 мыңы шетелге кетуді таңдаған.
«Бүгінгі дәрігерлердің жалақысы бәрібір аз. Ол бас дәрігерлерді қанағаттандырмайды. Екінші мәселе, жас маман облысқа келгенде немесе ауылға барғанда жағдай жасау керек. Бұл – баспана жағы, аяққа тұрып кету үшін маңызды. Медицина қызметкерлерінің үстінен түскен шағымдар да екі есеге артқан. Бұл таңғаларлық дүние емес, өйткені олардың көпшілігі кем дегенде екі жұмыс істеуі керек», – дейді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният. 
Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлерге қолдау күшейтілетінін жеткізді. Дегенмен ақша әзірге межелі жерге кетіп жатқан жоқ. Үш жылдық мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша қаржылық заң бұзушылықтар шамамен 6 млрд теңгеге жеткен.  

Серіктес жаңалықтары