Елордада Махатма Гандиге ескерткіш қою жоспарланып отыр

Елордада Махатма Гандиге ескерткіш қою жоспарланып отыр

Елордада Махатма Гандиге ескерткіш қою жоспарланып отыр
ашық дереккөзі
50695
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі мен Үндістан мәдениет министрлігі арасында 2022-2025 жылдарға арналған мәдени алмасу бағдарламасына қол қойылды деп хабарлады turkystan.kz. Қол қою рәсімі Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пен Үндістанның мемлекеттік Сыртқы істер және мәдениет министрі Меенакши Лекхи ханыммен екіжақты кездесу барысында өтті.
«Кездесуде Дәурен Абаев биыл Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толатынын атап өтті. Оның айтуынша, Нью-Делиде ұлы ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының бюстінің ашылуы берік және достық қарым-қатынастардың айғақтарының бірі болды. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында Махатма Гандиге ескерткіш ашу жоспарланған», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Дәурен Абаев кинематография, мұрағат ісі, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға қызығушылық танытты. Атап айтқанда, министр Үнді кинематографистерін «Еуразия» халықаралық кинофестиваліне қатысуға шақырды. Өз кезегінде Меенакши Лекхи кең ауқымды мәселелер бойынша өзара тиімді байланыстарды нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары