Иранда зауыттағы жарылыстан 112 адам зардап шекті

Иранда зауыттағы жарылыстан 112 адам зардап шекті

Иранда зауыттағы жарылыстан 112 адам зардап шекті
ашық дереккөзі
50317
Иранның Фарс провинциясындағы Фирузабад қаласында орналасқан натрий карбонаты зауытында жарылыс болды деп хабарлады turkystan.kz Tesnim ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Жарылыс зауыттағы цистерналардың бірінен натрий карбонатының ағып кетуінен пайда болған. Фарс облысының мемлекеттік шұғыл медициналық орталығының директоры Мұхаммед Джавад Мурадиян жарылыс салдарынан болған өрттен 112 адамның зардап шеккенін растады. Қаза тапқандар туралы дерек жоқ. Осы оқиғадан кейін Джем-Фирузабад жолы жабылған.

Серіктес жаңалықтары