2017 жылы доллар 400 теңгеге жетуі мүмкін

2017 жылы доллар 400 теңгеге жетуі мүмкін

2017 жылы доллар  400 теңгеге жетуі мүмкін
ашық дереккөзі
319

Доллардың қолжетімділігі азайған соң оған деген дефицит белең алып, ұлттық валюталар (теңге) құлдырай бастайды, деп хабарлайды massaget.kz.

АҚШ валютасы қаңтар айынан бастап 1,6 пайызға құлдыраса, теңге орта есеппен 17 пайыз құнын жоғалтқан. АҚШ экономикалық өсімі 2,2%, ал Қазақстанда 0,4%-ды құрап отыр. Осы сандар қай валютаның тұрақты өсіп отыратынын анық көрсетеді. Теңге құнының 1/7 бөлігін жоғалтқанымен, Ұлттық Банк интервенция жасау арқылы валюта бағамын сол күйінде ұстап қалуы мүмкін. Бірақ 2009 жылы АҚШ доллары құнының 120 теңгеден 150-ге, 2014 жылы 150-ден 180-ге, 2015 жылы 180-нен 330-ға құлдырауы дәл осындай интервенциялардың салдарынан болып отыр. Тағы бір жылдай темп жинап алып, келесі жылы 330-дан 400-ге секіруіміз бек мүмкін. Валюта нарығын техникалық анализ жасайтын болсақ, АҚШ экономикасының бәсеңдегенін байқаймыз. Ол көбіне АҚШ валютасы инфляциясы көтерілгенін білдіреді. Федералды қор валюта құнын өз деңгейінде ұстап қалу үшін 2018 жылға дейін пайыздық мөлшерлемесін 3%-ға дейін көтереді деген болжам бар.20 Салыстырыңыз, қазір 0,5%, небәрі екі жылда 6 есе көтеру керек болады. Бұл теңгенің алты рет "реанимацияға" түсетінін көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары