50349
«Пара алды»: Бақытгүл Хаменова соты кейінге шегерілді
«Пара алды»: Бақытгүл Хаменова соты кейінге шегерілді
Атырау әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот кейін болатын болды деп хабарлады turkystan.kz.
Атырау қалалық № 2 сотына түскен қылмыстық істің алғашқы сот отырысы 14 маусымға белгіленген еді.
«Істі қарайтын судья өзге қылмыстық іс бойынша кеңесу бөлмесіне кетуіне байланысты басқа күнге ауыстырылды», - деді соттың баспасөз қызметі өкілі.Еске сала кетсек, экс-шенеунік «пара алды» деген күдікпен тергеу абақтысына қамалған еді. Қазір Бақытгүл Хаменовамен бірге Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев та қамауда отыр.