585 мыңнан астам қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды

585 мыңнан астам қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды

585 мыңнан астам қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды
ашық дереккөзі
50612
2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай  бойынша 113,9 мың отбасындағы 585,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 84,7 млрд теңге бөлінді деп хабарлады turkystan.kz. АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады. Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.
«2022 жылғы 1 маусымда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 150,2 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, биыл қаңтар айындағы ТЖ режиміне байланысты 2021 жылдың 4 тоқсанында АӘК алған азаматтарға төлемдер 2022 жылдың 1 тоқсанына автоматты түрде ұзартылды. Бұл ретте жаңа алушыларға Электрондық үкімет порталы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру мүмкіндігі берілді. Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.  

Серіктес жаңалықтары