Елордада сушиден уланып қалғандардың саны артты

Елордада сушиден уланып қалғандардың саны артты

Елордада сушиден уланып қалғандардың саны артты
ашық дереккөзі
50389
Елордада сушиден уланып қалғандардың саны 90-нан асты деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап. Уланғандардың арасында 20 бала бар. Осыған дейін үйінде емделгендер  инфекциялық ауруханаға түскен. Себебі, тамақтан уланғандардың жағдайы түзелмей жатқан көрінеді. Байқоңыр ауданында орналасқан қоғамдық тамақтану орны уақытша жабылды. Егер улану фактісі анықталса, ірі көлемде айыппұл салынады. Қоғамдық тамақтану орны жабылуы да мүмкін.
«Улану фактісі тіркелгеннен кейін Байқоңыр ауданы Санитария эпидемиология басқару басқармасы «Окадзаки» сауда орнына эпидемияға қарсы қаулы берген болатын. Оның ішінде жабылу туралы нұсқаулық жазылған. 13 маусымнан бастап мекеме жұмысын тоқтатты. Уақытша жабылып тұр. Сараптама нәтижесі шыққаннан кейін белгілі болады», - деді қалалық Санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Жаннат Пірәлиева.

Серіктес жаңалықтары