Жыл басынан бері қанша көпбалалы отбасы жәрдемақы алды?

Жыл басынан бері қанша көпбалалы отбасы жәрдемақы алды?

Жыл басынан бері қанша көпбалалы отбасы жәрдемақы алды?
ашық дереккөзі
50818
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен орта есеппен 498,5 мың отбасы қамтылды. Оның ішінде мамыр айында 509,1 мың отбасына 28,3 млрд теңге жәрдемақы төленді деп хабарлады turkystan.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
«Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы 4 балаға – 50 975 теңге, 5 балаға – 63 727 теңге, 6 балаға –  76 479 теңге, 7 балаға – 89 231 теңге, 8 балаға – 101 760 теңге, 9 балаға – 114 480 теңге, 10 балаға – 127 200 теңге, 11 балаға – 139 920 теңге, 12 балаға – 152 640 теңге, 13 балаға – 165 360 теңге, 14 балаға – 178 080 теңге, 15 балаға – 190 800 теңге, 16 балаға – 203 520 теңге немесе әр балаға 12 525 теңге төленеді», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.  

Серіктес жаңалықтары