50229
Назарбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалмайды – Мусин
Назарбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалмайды – Мусин
Заңнамадан Нұрсұлтан Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы жеке бап жойылатын болды деп хабарлады turkystan.kz.
Бірақ Қылмыстық кодексте Президенттің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұқпау туралы жалпы бап қалады екен. Бұл туралы Сенат отырысынан кейін Әділет министрі Қанат Мусин айтты.
Сондай-ақ, министр Конституциядан Елбасы сөзі мүлде алынып тасталғанын жеткізді.
«Конституцияның 46-бабы жалпы нормаға келтіріледі, онда Президенттің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмайтыны жазылған», – деді Мусин журналистерге.Ол ұлт көшбасшысын қорлау туралы жеке бап жойылатынын мәлімдеді.
«Қылмыстық кодексте Президенттің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлағаны үшін жауапкершілікке тартуға бағытталған жалпы бап бар, ол қалады. Ал Елбасы туралы бөлек бап болмайды», – деп нақтылады министр.Сондай-ақ Әділет министрі Назарбаев жауапқа тартылуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.
«Конституция бойынша ел Президенті мемлекетке опасыздық жасағаны үшін ғана емес, басқа қылмыстар үшін де жауапқа тартылады», – деп жауап берген Мусин Назарбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалмайтынын айтты.