50266
«Путиннің шақыруымен»: Тоқаевтың ұшағы Санкт-Петербургке қонды
«Путиннің шақыруымен»: Тоқаевтың ұшағы Санкт-Петербургке қонды
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысу үшін Санкт-Петербургке келді деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ертең түске дейін Мемлекет басшысы Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен және Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен екіжақты кездесулер өткізеді.
Түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады.
Сонымен қатар Ресей Президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өтеді деп жоспарланған.