Елордада үздік дәрігерлер марапатталды

Елордада үздік дәрігерлер марапатталды

Елордада үздік дәрігерлер марапатталды
ашық дереккөзі
50598
Елордада «Жастар» сарайында ақ халатты абзал жандарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті деп хабарлады turkystan.kz. Медицина қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада денсаулық сақтау саласының 30-дан астам қызметкері марапатталды. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Алтай Көлгінов, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ұлттық және республикалық ұйымдардың, қала мәслихатының өкілдері және т.б. қатысты. Өзінің құттықтау сөзінде қала әкімі Алтай Көлгінов елорданың денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жақсарту жолында әрбір маманның қосқан үлесіне тоқтала келе олардың коронавирус инфекциясымен күрес кезеңіндегі жұмысын ерекше атап өтті. Денсаулық сақтау жүйесінің 30-дан астам маманы дипломдармен және төсбелгілермен марапатталды. Сондай-ақ 8 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Олардың әрқайсысына 1 млн теңгеден ақшалай сертификат және bestdoctor.kz медициналық ақпараттық порталының лимиттелген атаулы белгілері табысталды. Отандық медицина жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан ақ халатты мамандар, қоғам қайраткерлері «Еңбек ардагері», «ҚР Денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін» және «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медальдарымен марапатталды. Сол сияқты Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің және Денсаулық сақтау министрінің атынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді. Іс-шара басталғанға дейін «Жастар» сарайының бірінші және екінші қабатында «Мен және менің дәрігерім» тақырыбында фотокөрме ұйымдастырылып, онда абзал жандардың жұмыс істеп жүрген сәттері, балалар дәрігерлерінің фотосуреттері және балалар стационарларында емделіп жатқан кішкентай пациенттердің суреттері көрініс тапты.

Серіктес жаңалықтары