50407
Coca-Cola компаниясы Ресейден кетеді
Coca-Cola компаниясы Ресейден кетеді
Coca-Cola компаниясы Украинадағы жағдайға байланысты Ресейдегі жұмысын тоқтататын болды деп хабарлады turkystan.kz.
Қазіргі уақытта компания қоймалардағы сусындардың қорын сатуда.
«Қор таусылғаннан кейін, Coca-Cola HBC Ресейде Coca-Cola немесе The Coca-Cola компаниясының басқа брендтерін бұдан былай өндірмейді және сатпайды», - делінген хабарламада.Агенттіктің ақпаратына сәйкес, мамыр айындағы мәлімдемесінде компания 8 наурыздың өзінде концентратқа тапсырыс беру тоқтатылғанын хабарлады. Өндіруші жергілікті ресейлік брендтерге назар аударатынын айтты.