«Басын кесіп тастаған»: 219 итбалықтың өлексесі табылды

«Басын кесіп тастаған»: 219 итбалықтың өлексесі табылды

«Басын кесіп тастаған»: 219 итбалықтың өлексесі табылды
ашық дереккөзі
50344
Каспий теңізінде 200-ден аса итбалықтың өлексесі табылды деп хабарлады turkystan.kz. Олардың денесі ыдырап кеткендіктен нақты неден қырылғанын анықтау мүмкін емес. Бұл туралы Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов мәлімдеді.
«Ғылыми ұйымдар зерттеу жүргізгенімен, нақты себебін біле алмай отыр. Тек жанама болжамдар бар. Мамандар итбалықтар сәуір-мамыр айларында емес, қаңтар-ақпанда өлген деген қорытынды шығарды. Тағы бір болжам, ол – қыс мезгілінің өте жылы болуы. Яғни, аталған су жануарлары мұздың үстіне күшіктейді. Биыл ауа райы жылы болып, мұз еріп кеткендіктен күшіктер суға түскен. Ал жаңа туған итбалықтардың терісінде судан қорғайтын қабыршық болмайды. Бүгінде 220 өлексе табылды. Соның 50 пайызы – жаңа туған итбалықтар», – деді Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары.
Аян Бахияновтың мәліметінше, табылған өлекселердің дене мүшесінде қолдан жасалған жарақаттар бар.
«Табылған бірнеше итбалықтың басы және өзге де мүшелері қасақана кесіп алынған. Біздің болжам бойынша, жануарлар браконьерлердің қолына түскен. Ал олар өз қылмысын жасыру үшін итбалықтардың басын кесіп тастаған», – деді Аян Бахиянов.
Айта кетсек, биыл 5 айдың ішінде Каспий жағалауынан 219 итбалықтың өлексесі табылған еді.

Серіктес жаңалықтары