50330
Ақтөбе облысында жыл басынан бері 700-ден астам адамды ит қапқан
Ақтөбе облысында жыл басынан бері 700-ден астам адамды ит қапқан
Ақтөбе облысында жыл басынан бері 705 адамды ит қапқан. Мысық пен ірі-қара, жылқы малынан зардап шеккендер де тіркеліп отыр деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Былтырмен салыстырғанда, иттің шабуылдауы 18,2 пайызға артқан. Санитар мамандар бұралқы иттердің көбеюіне байланысты тұрғындарға сақ болу керектігін еске салады. Себебі құтырма дертіне шалдығу қаупі бар.
Алға ауданында мұндай бір дерек тіркеліп отыр. Құтырма ауруын жұқтырған үй жануары жойылып, 89 бас малға тиісті екпе жасалған. Абырой болғанда, адам баласына залал келген жоқ.
«800-ден астам адам ит пен мысықтан зардап шеккен. Оның басым бөлігі 6-14 жас аралығындағы балалар. Балалар далада көп ойнайды. Кейде ата-ана бақылауынсыз қалады. Ит-мысықты ұстап, ойнағысы келеді. Сондықтан белгісіз иттер қапса, жаласа міндетті түрде бірден дәрігерге қаралу керек», - деді облыстық Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.