Павлодар балабақшаларында бейнекамералар міндетті болады

Павлодар балабақшаларында бейнекамералар міндетті болады

Павлодар балабақшаларында бейнекамералар міндетті болады
ашық дереккөзі
50235
Бұл жайлы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Павлодар облысының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды turkystan.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Министрдің айтуынша, барлық балабақшаларда бейнебақылау камераларын орнату міндетті болады. Сондай-ақ барлық мектепке дейінгі ұйымдар санитарлық және өрт ережелеріне сәйкес болуы керегін айтты.
– Мемлекеттік балабақшаларда түскі асқа дейін тәрбиеші, түскі астан кейін басқа бала күтуші бар. Сондай-ақ білім беру, біліктілікті арттыру бойынша талаптар сақталады. Біз мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын қамтамасыз ету үшін барлық мектепке дейінгі ұйымдарға да осындай талаптар қойылуы тиіс деп есептейміз, -  деді Асхат Аймағамбетов. 

Серіктес жаңалықтары