«Мүлдем қисынсыз»: Тоқаев ресейлік депутаттарға ескерту жасады

«Мүлдем қисынсыз»: Тоқаев ресейлік депутаттарға ескерту жасады

«Мүлдем қисынсыз»: Тоқаев ресейлік депутаттарға ескерту жасады
ашық дереккөзі
50316

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға қатысты әртүрлі пікір айтатын ресейлік тұлғаларға наразылық білдірді деп хабарлады turkystan.kz.

«Осы мінберді пайдаланып, бірқатар ресейлік депутаттың Қазақстанға қатысты мүлдем қисынсыз айтқан, нақты емес пікірлеріне наразылығымды білдіргім келеді. Арасында журналистер, тіпті мәдениет қайраткерлері бар», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы алауыздық екі елдің халықтары мен Ресей Федерациясының өзіне зиянын тигізетінін жеткізді.

«Бұл пікірлердің барлығы мен үшін түсініксіз. Кімнің диірменіне су құйып жүр демекші, аталған қайраткерлер қандай да біртүрлі әдістермен Қазақстан басшылығының шешімі болсын немесе елімізде орын алып жатқан оқиғаларға болсын пікір білдіреді», – деді Тоқаев.

Айта кетсек, кеше Мемлекет басшысы Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынның пленарлық отырысына қатысқан болатын.

Серіктес жаңалықтары