«Мұнара» газеті журналистер арасында үстел теннисінен турнир өткізді

«Мұнара» газеті журналистер арасында үстел теннисінен турнир өткізді

«Мұнара» газеті журналистер арасында үстел теннисінен турнир өткізді
ашық дереккөзі
50316

Бүгін елордада «Мұнара» рухани-танымдық газетінің ұйымдастыруымен БАҚ қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында журналистер арасында үстел теннисінен турнир өтті деп хабарлады turkystan.kz.

Осымен екінші рет журналистер мерекесіне орай ұйымдастырылған спорттық шараның мақсаты – журналистермен тығыз байланыс орнатып, салауатты өмір салтын насихаттау және мерекелік көңіл-күй қалыптастыру.

«Ақпарат саласы өкілдерін жинап турнир өткізуді былтыр қолға алған едік. Жыл сайын журналистердің төл мерекесіне орай тұрақты түрде өткізіп тұруды дәстүрге айналдырып келеміз. Өзіміз куә болғандай, биыл кіл мықты жиналып өте тартысты ойын көрсетіп отыр. Тек қызмет бабымен емес, осындай пайдалы іс-шараларда әріптестердің басы қосылып, ерекше көңіл-күйге бөленіп жатса, мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз», – дейді «Мұнара» газетінің бас редакторы Серікбол Хасан.

Былтыр үстел теннисі турниріне еліміздің бас қаласында қызмет етіп жүрген баспасөз саласының  16 өкілі қатысса, биыл 22 үміткер қатысып, қызықты әрі тартысты ойын өрнегін көрсетті. Төрт топтан плей-офф кезеңіне жолдама алған 8 мықты өзара бас жүлдені сарапқа салды.

Қорытындылай келе, бас жүлдені «КТК» арнасының бейнеинженері Рүстембек Исаев жеңіп алса, Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметкері Нариман Аманжолов жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді. Ал былтырғы турнирде топ жарған «Қазақ радиосының» дикторы Мұхамедәли Болатұлына жүлделі үшінші орын бұйырды. Сондай-ақ топтық кезеңнен өткен 5 қатысушы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Серіктес жаңалықтары