50236
Қазақстан қоржынына ауыр атлеттер төртінші медаль салды
Қазақстан қоржынына ауыр атлеттер төртінші медаль салды
Отандасымыз Никита Абдрахманов ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медальға қол жеткізді деп хабарлады turkystan.kz.
Мексиканың Леон қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада ол 102 келі салмақта бақ сынады. Қоссайыстың қорытындысымен спортшымыз 348 (157+191) келіні көтерді.
Күміс медаль өзбекстандық Кудратбек Салимжоновқа бұйырса, үздік үштікті түркиялық Баки Кетмет түйіндеді.
Бұл – қазақстандық спортшылардың әлем чемпионатынан алған төртінші алтын медалі.
Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Денис Полубояринов (81 келі), Едіге Емберді (73 келі) және Ерасыл Сәулебеков (67 келі) жеңіс тұғырына көтерілді.