51024
Жаңаөзенде 13 жасар қыз иттерге таланып қалды
Жаңаөзенде 13 жасар қыз иттерге таланып қалды
Қаңғыбас иттер тағы бір балаға шабуыл жасады деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы жергілікті блогер Ақмарал Байбоз хабарлаған. Жақын жерде оқиға куәгерлері көмекке жетіп, иттерді қуып жіберген. Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді.
«Балалар ғана емес, үлкендер де көшеге шығуға қорқады. Биліктен шара қолдануын сұраймын», – деп жазады блогер.
13 жасар жасөспірімге шабуыл жасаған иттердің ұсталғаны-ұсталмағаны әлі белгісіз.
Биыл 2 наурызда Қазақстанда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң күшіне енді. Жаңа ережеге сәйкес, айықпас дертке шалдыққан немесе қоғамға қауіпті иттерді ғана жоюға рұқсат етілсе, қалғандары міндетті түрде зарарсыздандыруға тиесілі.