Қазақстан әлем елдерін ядролық қарудан түбегейлі бас тартуға шақырды

Қазақстан әлем елдерін ядролық қарудан түбегейлі бас тартуға шақырды

Қазақстан әлем елдерін ядролық қарудан түбегейлі бас тартуға шақырды
ашық дереккөзі
50837

Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Венада ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің кездесуіне арналған мақаласында мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

 Ол өз мақаласында Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс кезеңінде Қазақстан әлем елдерін ядролық қаруды толық жою жоспарын әзірлеуге шақыратынын айтқан.

«Біз барлық мемлекеттерді, соның ішінде ядролық державаларды бұл қаруды толығымен жоюдың кезең-кезеңімен жоспарын әзірлеуге шақырамыз», – деп мәлімдеген Тілеуберді.

Оның айтуынша, бұл мақсатқа жету үшін Қазақстан алдында көптеген саяси және техникалық кедергілер тұр. Бірақ, бұл қадам – ядролық қарусыз келешекке бастайтын жол.

«Біз бұл бағытта практикалық жұмысты бастау қажет деп санаймыз», – деді Сыртқы істер министрі.

Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа 86 мемлекет, оның ішінде Қазақстан да қол қойды. Бұл шартқа қол қоймаған елдер қатарында ядролық державалар бар.

Айта кетсек, алдағы 21-23 маусымда Венада шартқа қатысушы елдердің алғашқы кездесуі өтеді.

Серіктес жаңалықтары