50742
15 жастағы жасөспірім атасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
15 жастағы жасөспірім атасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Забайкальский өлкесінде 15 жастағы жасөспірім кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.
Күні кеше Акша ауылында 68 жастағы азаматтың денесі табылды.
Оқиға орнына тексеру жүргізген құқық қорғау органдарының қызметкерлері 68 жастағы ер адамның оқ тиіп, қаза тапқанын анықтады. Күдікті ретінде кәмелет жасына толмаған туған немересін ұстады. Тергеу кезінде жасөспірім өз кінәсін мойындаған. Оны екі тәулікке қамауға алды.
Қазір полицейлер оқ атуға не түркі болғанын анықтап жатыр.