50273
Абай облысында жолаушылар автобусы аударылды
Абай облысында жолаушылар автобусы аударылды
Алакөл – Семей тасжолында жолаушылар мінген автобус аударылды деп хабарлады turkystan.kz.
Оқыс оқиға кеше таңғы сағат 04:50-де Алакөлден шыққан Setra-S маркалы автобус Жарма ауданында аударылған. 56 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Автобус салонында 13 жолаушы және екінші жүргізуші болған.
«Барлық адамға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Автобус жүргізушісі ауруханаға жатқызылды», - деді полицейлер.Құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеуді қылмыстық кодекстің 345-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.