Болат Назарбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Болат Назарбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Болат Назарбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі
50807
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Болат Назарбаев пен оның экс-әйелі Майра Құрманғалиеваға қатысты «Рейдерлік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады деп хабарлады turkystan.kz.
«Құзырлы органдарға тиісті мәлімдемені Нұрша Кәкенов берген. Ол «Karuan» ЖШС құрылтайшыларының бірі болған кезінде оның үлесін Болат Назарбаев тартып алып қойған. Арызданушының шығыны 150 млн долларды құрайды», – деп айтылған Kozachkov offside Telegram-арнасында.
Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мынадай мәлімдеме жасаған:
«17 маусымда Алматы прокуратурасынан Karuan ЖШС-нің рейдерлік жолмен алынғаны туралы хабарлама түсті. Өтініште көрсетілген дәлелдер тексеріліп, оған құқықтық баға беріледі», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қаржы министрлігінің қаржылық есептілік депозитарийі Karuan ЖШС Маңғыстау облысындағы Маңғыстау (Айткөкше) кен орнында марганец барлаумен айналысқанын айтады. Ал Еgov.kz порталының мәліметінше, 2006 жылдың басында Нұрша Кәкенов серіктестік иелерінің бірі болған, бірақ сол жылы бірінші Президенттің інісі ЖШС-нің жалғыз қатысушысы болып қалған. 2018 жылдың ақпан айынан бастап компания екі заңды тұлғаға тиесілі. Олар – «Central Asian Investment Consulting Company» ЖШС және Кипрде тіркелген ILMAX LTD. 2021 жылы «Karuan» ЖШС жұмысын тоқтатқан.

Серіктес жаңалықтары