Қостанай облысында бүтін бір отбасы өрттен қаза тапты

Қостанай облысында бүтін бір отбасы өрттен қаза тапты

Қостанай облысында бүтін бір отбасы өрттен қаза тапты
ашық дереккөзі
50239
Қостанай облысында үйден өрт шығып, салдарынан төрт адам, оның ішінде бір нәресте қаза болды деп хабарлады turkystan.kz.    20 маусымда сағат 01:54-те Жітіқарадағы №12 өрт сөндіру бөліміне Комсомольская көшесінің бойында тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен. Куәгерлер 102 қызметіне қоңырау шалып, тұрғын үйдің өртеніп жатқанын хабарлаған.
 «50 шаршы метр аумақта ағаш дәліз, кіреберіс пен үй төбесінің жабындысы толықтай жанған. Өрт 02:26-да ауыздықталып, 02:54-те сөндірілді. Өрт сөндіру кезінде оқиға орнынан 63 жастағы үй иесі әйелдің 39 және 36 жастағы ұлы мен қызының және 2 жасар немересінің мәйіті табылды. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр», – деді Төтенше жағдай департаменті.
Оқиға орнында тергеушілер мен облыстық ТЖД мамандары жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары