50669
Экономиканы арттыру үшін кәсіпкер құқығы қорғалу керек – Асхат Оразхан
Экономиканы арттыру үшін кәсіпкер құқығы қорғалу керек – Асхат Оразхан
Алматы қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастамасымен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өтті деп хабарлады turkystan.kz.
Талқылауға мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП басшылары, қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлік қоғамдастық қатысты. Іс-шара басында Алматы және Жамбыл облыстарындағы кеден бекеттерінің басшылары кәсіпкерлер үшін кедендік рәсімдер мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Оразханның айтуынша, ішкі экономиканы арттыруда көңіл бөлу тиіс салалар жетерлік.
«Кәсіпкерлерді қорғау – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының басым бағыттарының бірі. Заңнамалық және ұйымдастырушылық сипаттағы қабылданып жатқан шараларға қарамастан, шешуді талап ететін көптеген мәселелер бар», – деп атап өтті ол.Сондай-ақ, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Серік Жанайдаров сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар көтерген тақырыптар бойынша барлық шаралар қабылданатынын айтты. Дөңгелек үстел соңында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов талқылауда айтылған мәселелердің 90 пайызы өңірлік деңгейде шешілуі мүмкін екенін жеткізді. Ал түйткілді сұрақтардың басым бөлігін реттеуді «Атамекен» ҰКП өз бақылауына алатын болды.