Құрамында қауіпті қоспасы бар сусындар анықталды

Құрамында қауіпті қоспасы бар сусындар анықталды

Құрамында қауіпті қоспасы бар сусындар анықталды
ашық дереккөзі
50281
Қостанай облысының сауда желісінде сатылатын энергетикалық сусындардан қауіпті консерванттар табылды деп хабарлады turkystan.kz. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Кофеинмен және тауринмен Flash up energy» (163,3 мг/л) және «Monster Energy» (173,72 мг/л) алкогольсіз энергетикалық газдалған сусындардағы натрий бензоатының (Е211) артқанын анықтады. Бұл сусындарды өндірушілер «Балтика» «Сыра қайнату компаниясы» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) және «Refresco Benelux B.V» (Нидерланды Корольдігі) компаниясы екен. Азық-түлікті ұзақ уақыт сақтау үшін тағамдық қоспалар консерванттар ретінде қолданылады. Қазір өнімдер партиясы сатылымнан шығарылып, бұл сусындарды айналымнан алып тастау бойынша шаралар қабылдау басталды. Аталған энергетикалық сусындардың кері әсер ететін жағдайлары аз емес. Мысалы, жүктілік кезінде құрамында натрий бензоаты бар тағамдар мен сусындарды қолдануға болмайды, өйткені бұл зат аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін. Кейбір адамдарда консерванттың артық болуы локализацияланған қышу, жөтел, қызару, бөртпе, ісіну сияқты жеңіл белгілерді тудыруы мүмкін. Натрий бензоаты организмде жиналуы мүмкін, бұл өздігінен қауіпті. Әсіресе жасөспірім ағзасына тигізер зардабы мол. Осы тексерістен соң Ресейдің «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқатын бақылау қызметіне» (Роспотребнадзор) аталған өнімдерді зертханалық күшейтілген бақылауға алу туралы хабарлама жіберілді.

Серіктес жаңалықтары