Қазақстан құрамасы 21 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы 21 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы 21 медаль жеңіп алды
ашық дереккөзі
50299
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы 11-18 маусым аралығында Леон қаласында (Мексика) өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бірінші орын алды деп хабарлады turkystan.kz.    ҚР ААФ бас хатшысы Алдияр Нұралиновтың айтуынша, жарысқа қатысушылар виза алу кезінде қиындықтқа тап болған. Сондай-ақ спортшылардың басым бөлігі алғаш рет әлем чемпионатына қатысып отыр.
«Жарыс қорытындысы бойынша, біздің құраманың қоржынында түрлі дәрежедегі 21 медаль бар. Бұл ауыр атлетиканың Қазақстандағы №1 спорт түрі екенін білдіреді. Сондай-ақ атлеттеріміздің алдағы құрлықтық, әлемдік жарыстар мен Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсетуіне әлеуеті толық жетеді»,– деді ҚР ААФ бас хатшысы Алдияр Нұралинов.

Серіктес жаңалықтары