50257
Бозжырада қонақүй салына ма? Министр жауап берді
Бозжырада қонақүй салына ма? Министр жауап берді
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Бозжыра аумағындағы туризмді дамыту туралы пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Бозжыра трактіне келетін болсақ, әзірге жоспар жоқ. Қазір жай ғана жабайы туризм бар, бақылаусыз. Елестетіп көріңізші, егер Медеу болмаса, адамдар жүрер ме еді? Барды. Бірақ ешқандай тазалық пен күтім туралы сөз болған жоқ. Бозжыра алқабында қазір шамамен осындай жағдай», – деді ол брифингте.Министрдің сөзінше, бұл мәселені қоғаммен, инвесторлармен және экологтармен бірлесіп талқылау қажет. Сондай-ақ ол қонақүйді табиғи шекараға жақын жерде және барлық экологиялық талапты сақтап салу керегін айтты.
«Бозжыра аумағынан тыс жерде қонақүй салуымыз керек. Сонда туризмге адамдар келеді. Бізге көп нәрсені дамытуға мүмкіндік береді – жұрт камераларымен келіп, суретке түседі. Туристерді ғана емес, киножобаларды да айтамын. Көптеген нәрсені осы бағытта дамытуға болады. Қонақүй салу мәселесін инвесторлар, жұртшылық, экологтар арасында талқылап, алтын ортаны табуымыз керек», – деді Дәурен Абаев.