Ұлттық ғылыми онкология орталығында Ашық есік күні өтеді

Ұлттық ғылыми онкология орталығында Ашық есік күні өтеді

Ұлттық ғылыми онкология орталығында Ашық есік күні өтеді
ашық дереккөзі
50871
Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың клиникалық-диагностикалық орталығында Ашық есік күні өтеді деп хабарлады turkystan.kz. 25 маусымда Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың клиникалық-диагностикалық орталығында ісік алды аурулары мен бүйрек обырын ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді. Іс-шара ұйымдастырушы - Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы.
«Келушілер Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың онкоурологтарынан тегін кеңес ала алады. 18 жастан асқан пациенттерді Көпбейінді хирургия орталығының онкоурология бөлімінің жетекші дәрігерлері қабылдайды», - делінген хабарламада.
Қабылдау күні өзіңізбен бірге жеке куәлік және функционалдық диагностиканың медициналық қорытындысы болуы қажет.

Серіктес жаңалықтары