БҚО-да 8 жасар бала мен қария іздестірілуде

БҚО-да 8 жасар бала мен қария іздестірілуде

БҚО-да 8 жасар бала мен қария іздестірілуде
ашық дереккөзі
50290
Батыс Қазақстан облысының құтқарушылары көлде жоғалған ер адам мен баланы тікұшақпен іздестіріп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 22 маусым күні Шалқар көлінде болған. Үрленетін матраста отырған 8 жасар баланы жел көлдің ортасына алып кеткен. Оны құтқарамын деп 1957 жылғы атасы ұмтылған. Атасы мен немересін іздеуге Шалқар көліндегі құтқару бекетінен 5 адам бір қайықпен шыққан, бірақ бұл нәтиже бермеген.
«Содан кейін іздестіру жұмыстарына «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ ұшағы қосылды. Сағат 23.00-де ер адамды құтқарушылар мен туыстары тапты, жағдайы қанағаттанарлық. Баланы іздестіру жұмыстары жалғасуда», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары