50792
Статистика: елдегі қартаю индексі өсуде
Статистика: елдегі қартаю индексі өсуде
Қазақстанда қартаю индексі артып жатыр. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәліметінде айтылған деп хабарлады turkystan.kz.
2021 жылы өңірлерде халықтың қартаю индексі 26,6 болған. Бұл елімізде 0-15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 26,6 азамат келеді деген сөз. 2017 жылы бұл көрсеткіш 25,9 деңгейінде болған.
Ауылдық жерлермен салыстырғанда қалаларда қартаю деңгейі жоғары – 28,7. 2019-2020 жылдар аралығында қала индексі 29,1 деңгейінде бағаланды.
«Өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді. Ондағы индекс – 66,5. Ең жас қала Шымкент болды, яғни 100 балаға 65 жастан асқан 14,3 адам келеді. Елорда тұрғындары да салыстырмалы түрде жас. Астана индексі – 17,3. Ауыл тұрғындарының қартаю индексі қала көрсеткішінен 4,9 тармаққа (23,9) төмен. Көрсеткіш бес жыл ішінде шамалы өзгерді. 2017 жылы 100 балаға 22,4 ересек адам келді», – делінген хабарламада.