Шымкентте түрме бастығы сотталды

Шымкентте түрме бастығы сотталды

Шымкентте түрме бастығы сотталды
ашық дереккөзі
51051
Түрме бастығының өзі түрмеге түсті.  Шымкенттегі ИЧ 167\3 түзеу мекемесінің бастығы 9 жылға сотталды деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Ел «31 - аймақ» атайтын  түзеу мекемесінің экс-басшысы сотталғандардан пара алғаны үшін бас бостандығынан айрылды. Әл-Фараби аудандық соты төрағасының мәліметінше, мекеме басшысы  сотталған алты адамнан  4 млн теңге көлемінде пара алған.
«Ол ауызбастырықты жазасын өтеушілердің жазасын жеңіл жазаға ауыстыру, мерзімінен бұрын шартты түрде босату  немесе оларды жеңіл мекемеге ауыстыру  бойынша алған. Яғни, тездетіп құжаттарды сотқа жіберіп, жағымды мінездеме беріп, көмектесуі үшін сұраған», - деді сот төрағасы Еркебұлан Төлешов.
Экс-басшы жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
«Алты көрініс бойынша Жүнісбековтің кінәсі толығымен дәлелденді.  Алайда ол кінәсін мойындаған жоқ. Дегенменде алты азаматтың жауаптары, басқа да куәгерлердің жауаптарымен сот оның кінәсі дәлелденді деп шешім қабылдады», - деді әл-Фараби аудандық сотының төрағасы Еркебұлан Төлешов.
Жаза бойынша бүкіл жеңілдететін және ауырлататын мән жайларды ескере келе сот оған 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Серіктес жаңалықтары