50281
«Бұл жолғысы ерекше»: тағы да пандемия жарияланды
«Бұл жолғысы ерекше»: тағы да пандемия жарияланды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау желісі маймыл шешегін пандемия деп бекітті. Бұл туралы Қазақстандағы коронавирустың таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
ДДСЖ сайтында мәлім етілгендей, аталмыш ұйым маймыл шешегінің өршуін жаһандық маңызы бар төтенше жағдай деп таныды. Қазіргі уақытта инфекцияны жұқтыру жағдайлары 58 елде анықталды, науқастардың жалпы саны 3 400-ден асты. Инфекцияның таралу қарқыны апта сайын артып келеді. Ал оның теріс салдарын азайту үшін вирус тарап жатқан барлық жерде шұғыл шаралар қабылдау керек.
Еске салайық, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 23 маусымда маймыл шешегінің өршуінің жаһандық қаупін бағалау үшін төтенше комитет отырысын шақыратынын айтқан болатын.
Ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесустың айтуынша, маймыл шешегінің бұған дейінгі өршу жағдайларымен салыстырғанда, вирустың бұл жолғы нұсқасында ерекшеліктер бар. Сол себепті вирусологтар бұған жіті назар аударуы тиіс.