50255
Әуе билеттері 16 пайызға қымбаттауы мүмкін – сарапшылар
Әуе билеттері 16 пайызға қымбаттауы мүмкін – сарапшылар
Әлем бойынша әуе билеттері кем дегенде 16 пайызға қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы әуе сарапшылары айтты деп хабарлады turkystan.kz Tourprom сайтына сілтеме жасап.
Әңгіме Fit for деп аталатын Еуропалық комиссияның шаралар пакеті туралы болып отыр. Ол парниктік газдар шығарындыларын келесі сегіз жыл ішінде 1990 жылғы деңгейден 55 пайызға азайтуға бағытталған. ACI Europe әуежайлар қауымдастығы ұсынылған барлық шара «рейстерге әсерін жан-жақты бағаламай жарияланды» деп сынаған.
«ЕО ұсыныстары тарифтердің айтарлықтай өсуіне әкеледі. Нәтижесінде туристер жаңа соққыға тап болады, өйткені әуе билеттерінің бағасы өседі. ЕО-ның зиянды шығарындыларды азайту схемасы 2030 жылға қарай ұшу құнының орташа есеппен 16 пайызға өсуіне әкелуі мүмкін», – деп ескертеді әуе сарапшылары.Сонымен қатар, Испания, Грекия және Италия сияқты танымал бағыттар ең көп зардап шеккендердің қатарында болады. Ал туристік қызметтерге сұраныс 11 пайызға төмендейтінін айтады зерттеушілер. Аймақаралық тасымалдау да зардап шегеді. Жалпы, ACI Europe бас директоры Оливье Янковецтің айтуынша, Еуропалық комиссияның ұсынысы «жағымсыз және күтпеген салдарға» әкеп соғады.