Елордада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ғылыми конференция өтті

Елордада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ғылыми конференция өтті

Елордада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ғылыми конференция өтті
ашық дереккөзі
50508
24 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында белгілі түркітанушы, қазақ тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,  Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орайластырылған ғылыми конференция өтті деп хабарлады turkystan.kz. Конференцияда барысында сөз алған Әзербайжан Республикасының Білім министрі Эмин Амруллаев: «Қазақ халқының қоғамдық және мәдени оянуына қызмет еткен көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы және лингвист А. Байтұрсынұлының қызметі түркі әлемінің бай мұрасының жарқын үлгісі болып табылады»,- деді.  width=
Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек өзінің құттықтау сөзінде: «Тіл білімінің, әдебиеттанудың және оқыту әдістемесінің бастапқы мазмұны Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінде. Оның сол еңбектердегі ғылыми тұжырымдары мен қорытындылары әлі күнге дейін оқыту үдерісінде де, ғылыми бағытта да кеңінен қолданылуда. Қазіргі кезде әліпби түзуде, терминжасамда  немесе тіл үйрету үдерісінде біз оның еңбектеріне соқпай кете алмаймыз. Өйткені ол негіздердің негізін жасаған аса көрнекті оқымысты, ағартушы ғалым», - деп атап өтті. Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев өз сөзінде: «А. Байтұрсынұлының мерейтойы бізге тарих алдындағы асыл жауапкершілігімізді, халыққа қызмет етудің қасиетті дәстүрін еске салады», - деді.
 width=
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е. Сыдықов: «Ахмет Байтұрсынұлындай  біртуар тұлға мұрасы мен мұратының жаңа көзқарастағы теориялық тұжырымдар арнасында зерделенуі ел бірлігін нығайтудың, жаңарған қоғамдық сананың өрелі істеріне темірқазық болары сөзсіз», - деді. Назарбаев Университетінің вице-президенті Қ. Даирова: «Алаш арыстарының идеясы дәл бүгін Жаңа Қазақстанға қажет болып тұр. Алаш идеясы – қазақ идеясы, Ахмет Байтұрсынұлы дәл бүгін де ұлтымыздың рухани көсемі», - деп атап өтті.
Конференцияда отандық және шетелдік түркітанушы, ахметтанушы ғалымдар, атап айтқанда, Әзербайжан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Насими атындағы Тіл білімі институты Түрік тілі бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Эльчин Ибрахимов, Түрік Республикасы  Памуккале университетінің профессоры, доктор  Нергиз Бирай, академик Ш.Құрманбайұлы, Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу институтының директоры Қ.Сартқожаұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Б.Әбдуәлиұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің доценті Қ.Кемеңгер баяндама жасап, ұлт ұстазы,  ұлы реформатор, Алаш қозғалысы қайраткерінің ғалымдық қызметіне  және ғылыми еңбектеріне жан-жақты тоқталды.  width= Конференция аясында Халықаралық түркі академиясының әзірлеген «Түркістан – түрк елі энциклопедиясы», «Түркі әлемінің тұғырлы тұлғалары», «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» кітаптарының тұсаукесері өткізілді.    

Серіктес жаңалықтары