Соғыста қаза тапқан жауынгерлердің сүйегі елге жеткізілді

Соғыста қаза тапқан жауынгерлердің сүйегі елге жеткізілді

Соғыста қаза тапқан жауынгерлердің сүйегі елге жеткізілді
ашық дереккөзі
50244
Қазақстан Қарулы күштерінің әскери борты Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлер – Николай Матвеевич Гуровтың, Төлеген Үркербаевтың және Петр Абрамович Фоменконың сүйектерін Мәскеуден Нұр-Сұлтанға жеткізді деп хабарлады turkystan.kz.         «Сұрапыл соғыстан оралмай, хабар-ошарсыз кеткен сарбаздар мен офицерлердің ұрпақтары әлі күнге дейін бабалары жайлы хабар күтеді. Соғыста қаза тапқан соңғы сарбаз жерленгенге дейін іздеу жалғаса бермек. Біз бірлесіп атқарып жатқан жұмыс жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге, қазақстандық жауынгерлердің жанқиярлығы мен батылдығы туралы тарихты жадымызда сақтауға барынша ықпал етеріне сенімдімін», – деді рәсім барысында Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов.
 width= Министр қазақстандық жауынгерлердің сүйектерін іздестіруге белсене қатысқандардың бәріне алғыс білдірді. Төлеген Үркербаев – Алматы облысының Ұзынағаш кентінен, Петр Абрамович Фоменко – Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Щербаковка ауылынан, Николай Матвеевич Гуров  – Алматы қаласынан екені нақтыланған. Аталған өңірлерде жауынгерлердің сүйектерін қарсы алу, туыстарына беру және әскери құрмет көрсетіліп, қайта жерлеу рәсімдері өтеді.

Серіктес жаңалықтары