51613
Алакөлде балықшының қайығы аударылып қалды
Алакөлде балықшының қайығы аударылып қалды
24 маусым күні Алакөлде оқыс оқиға орын алды деп хабарлады turkystan.kz.Ақши ауылында көл жағасынан бір шақырым қашықтықта куәгерлер су бетінен аударылған қайықты байқағаны туралы хабар сағат 6:20-да келіп түскен. Ақши ауылы Алакөл өңірінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу шақырту орнына аттанды. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар Алматы қаласының 1968 жылғы тұрғыны резеңке қайықпен балық аулау кезінде қатты жел тұрып, қайықты жағадан алып кетіп, су ортасында аударып жібергені анықталды. Балықшы қайықтың жанында суда болды. Ер адам жағаға эвакуацияланды, ол медициналық көмекті қажет етпеді. Құтқарушылар судағы қауіпсіздік ережелері және құтқару кеудешесінсіз суда болудың салдары туралы түсіндірме әңгіме жүргізді, – деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі Құтқарушылар азаматтарды судағы барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.