COVID-19: бір тәулікте 67 адам инфекция жұқтырды

COVID-19: бір тәулікте 67 адам инфекция жұқтырды

COVID-19: бір тәулікте 67 адам инфекция жұқтырды
ашық дереккөзі
50370
Коронавирусты таратпау жөніндегі халықаралық комиссия 26 маусымда Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берді. Мәліметтерге сәйкес, инфекция жұқтырғандар екі қала мен екі облыста анықталған деп хабарлады turkystan.kz. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 67 жаңа жағдайы тіркелді. Оның ішінде: Нұр-Сұлтанда – 13, Алматыда – 52, Ақмола облысында – 1, Қарағанды ​​облысында – 1. Елде барлығы 1 306 300 жағдай расталды. Қазақстанда 12 адам коронавирус инфекциясынан жазылған. Оның бәрі Алматыда тіркелді. Елімізде барлығы 1 292 263 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты. 27 маусымдағы мәлімет бойынша, 436 адам коронавирус инфекциясынан (–374+ және 62 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 64 пациент стационарда, 372 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 3 адамның жағдайы ауыр.

Серіктес жаңалықтары