Ұшақты шұғыл қондырған неміс пилоты Мәскеуде көз жұмды

Ұшақты шұғыл қондырған неміс пилоты Мәскеуде көз жұмды

Ұшақты шұғыл қондырған неміс пилоты Мәскеуде көз жұмды
ашық дереккөзі
201

Мәскеулік Внуково әуежайынан әуеге көтерілген неміс ұшағының пилоты өзін жайсыз сезініп, әуе көлігін шұғыл түрде Домодедово әуежайына қондыруға мәжбүр болды. Ұшақты аман-есен қондырғаннан кейін пилот көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті құқыққорғау органдары өкілінің айтуынша, сенбі күні "Внуково" әуежайынан бортында шетелдік жолаушылары бар неміс ұшағы ұшып кеткен. Ұшақты басқарған пилот, Германия азаматы әуеге көтерілгенде өзін нашар сезініп, ұшақты Мәскеудің екінші әуежайына қондыруға мәжбүр болған.

Ер азаматқа жедел медициналық көмек көрсетілгенімен жағдайы оңалмай, көз жұмды. Ақпарат көзінің хабарлауынша, пилот өлімі бойынша тексеріс жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары