277
Жаңа жыл мерекесінде қытайлық туристер қанша ақша жұмсайды?
Жаңа жыл мерекесінде қытайлық туристер қанша ақша жұмсайды?
Қытай туристері "Чуньцзе" жаңажылдық мерекесі кезінде өзге мемлекеттерде шамамен 100 млрд юань (14,5 млрд АҚШ доллары) шығындайды, деп хабарлайды Caixin басылымы.
"Чуньцзе" – Көктем мерекесі немесе ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл. 2017 жылы Қытайдағы ресми мейрам күндері 27 қаңтардан 2 ақпанға дейін созылмақ. Қытайдың Туризм істері жөніндегі мемлекеттік басқармасының болжамынша, мереке аптасында 6 ммллионға жуық қытайлықтар шетелге демалуға аттанады. 2016 жылы бұл көрсеткіш 2015 жылғыдан 10 пайызға көбірек болған, яғни мереке кезінде 5,2 миллион адам шекара асты. 2016 жылы "Чуньцзені" өзге мемлекеттерде тойлаған қытайлық туристер 90 млрд юань жұмсады. Ctrip деректеріне сүйенсек, қытайлар мейрам аптасында негізінен Таиланд, Жапония мен АҚШ-қа баруды құп көрген.
"Чуньцзе" – Қытайдағы ең басты мереке. Отбасылық мейрамды жақындарының ортасында тойлау үшін миллиондаған Қытай азаматтары – студенттер мен жұмысшылар туған қалаларына оралады. Қытайда жаңажылдық сапарлар "Чуньюнь" деген атқа ие және әлемдегі ең ірі миграциялық құбылыстардың бірі.