50290
Көкшетауда сот ғимараттарына «бомба қойылғаны» туралы хабарлама түсті
Көкшетауда сот ғимараттарына «бомба қойылғаны» туралы хабарлама түсті
Көкшетауда облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мен қалалық соттың ғимараттарына жарылғыш зат қойылғаны туралы екі хабарлама түсті деп хабарлады turkystan.kz.
Ақпаратты Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Полиция мәліметінше, жарылғыш зат туралы хабарлама 10 минут айырмашылықпен түскен.
«Адамдар эвакуацияланды, ғимарат тексерілді, құрылғылар табылған жоқ», - деді полицейлер.
ПД өкілі екі дерек бойынша да қылмыстық іс қозғалатынын айтты.
Желіде оқиға орнынан видео пайда болды. 716.kz ақпараттық порталы мәліметінше, қылмыстық сот қызметкерлерінің бірі жұмысқа келіп, поштаны тексеріп, сот ғимаратына жарылғыш зат салынғаны жазылған хат тапқанын айтқан. Ол дереу полиция шақырған.