337
Жаңа жылдан кейін жанар-жағармай бағасы қалай құбылмақ?
Жаңа жылдан кейін жанар-жағармай бағасы қалай құбылмақ?
Мамандар еліміздегі жанар-жағармай бағасы 2017 жылы да көтерілетінін болжады деп хабарлайды Астана арнасы.
Қазір бұл отын 133 пен 140 теңге аралығында. Сарапшылар жаңа жылдан кейін бензиннің де, дизельді отынның да бағасы өсе беретінін айтады. "Сұранысқа ие АИ-92 жанармайының 1 литрі 150 теңге болады деген болжам бар. Ал тапшылықты жою үшін мұнай өңдейтін қосымша зауыт салу мәселесіне келетін болсақ, оған үздіксіз шикізат жеткізіп тұру керек. Компанияларға баға жағынан зауытқа сату тиімсіз болса, оны қайдан аламыз? Сондықтан шикізатты өңдеуге жеткізу қаржылық тұрғыдан тиімді болмай, қосымша зауыт салу туралы сөз қозғау орынсыз", - дейді мұнай-газ саласының сарапшысы Камилла Манакова.