50319
Елордада бокстан І халықаралық турнир басталды
Елордада бокстан І халықаралық турнир басталды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-Жек» сарайында бокстан ерлер мен әйелдер арасында I халықаралық «Елорда кубогі» турнирінің ашылу салтанаты өтті деп хабарлады turkystan.kz.
Дүбірлі жарыста «Елорда кубогі» үшін барлығы 10 елден 250 спортшы бокстасады. Олардың арасында Куба, Өзбекстан, Үндістан, Моңғолия және басқа да елдердің өкілдері бар.
Турнирдің салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев және «Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Самат Жылкыбаев, Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Азиз Кожамбетов және 1996 және 2000 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері елімізге белгілі қазақ боксшысы, Болат Жұмаділов қатысып, турнирдің ашылу салтанатымен құттықтап, қатысушыларға жарқын сәттіліктер тіледі.
Айта кетсек, спортшылар 25 салмақ дәрежесі бойынша бақтарын сынайтын болады. Яғни әйелдер 12 салмақ дәрежесі, ал ерлер 13 салмақ дәрежесінде сыңға түседі.
Дүбірлі доданың жартылай финалы 30 маусым 3 шілде аралығы, ал 4 шілдеде күні ақтық бәсеке мен турнирдің салтанатты жабылу рәсімі өтетін болады.
Қазақстан құрамасы атынан 50-ге жуық былғары қолғап шеберлері шығады. Олар Әлем, Азия және Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері.
Турнир жеңімпаздары осы жылдың қазан айының соңында және қараша айының басында өтетін Азия чемпионатында өнер көрсету құқығына ие болады.
Жалпы турнир 7 күн бойы өтеді.