Таиландта қаза тапқан Рысқұловтың өліміне не себеп?

Таиландта қаза тапқан Рысқұловтың өліміне не себеп?

Таиландта қаза тапқан Рысқұловтың өліміне не себеп?
ашық дереккөзі
301
Таиландта қаза тапқан Қазақстан азаматы Темірәлі Рысқұловтың жазатайым оқиғадан мерт болған, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. 
Тайланд полициясының мәлімдемесіне сілтеме жасаған ҚР СІМ баспасөз қызметі.нің жетекшісі  Әнуар Жайнақов марқұмның өзін-өзі өлтіруі мүмкін деген алдын-ала болжамды жоққа шығарды.
«Полиция дерегіне сәйкес, Тайландта бесінші қабаттан құлаған қазақстандық Темірәлі Рысқұлов жазатайым оқиғадан көз жұмған. Полиция өз-өзін қол жұмсау нұсқасын да қарастырған еді, алайда марқұмның туыстарының айтуынша, өзін-өзі өлтіруге еш негіз болмаған. Ер адамның мәйітін бейсенбі күні Қазақстанға жеткізеді.Тасымалдау шығынын Рысқұловтың туыстары төледі», - деді Жайнақов.
Еске сала кетсек, 14 желтоқсан күні Пхукет қонақ үйінің 5-қабатынан секіріп кеткен қазақстандық турист Патонга госпиталінде көз жұмды. Ол 5 желтоқсан күні Тайландқа турист ретінде жалғыз өзі келген.

Серіктес жаңалықтары