Елбасы стипендиясының атауын өзгерту ұсынылды

Елбасы стипендиясының атауын өзгерту ұсынылды

Елбасы стипендиясының атауын өзгерту ұсынылды
ашық дереккөзі
50481
Ашық НҚА порталында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының» атауын өзгерту туралы Прездент Жарлығының жобасы жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.   Құжат жобасын әзірлеген орган – Мәдениет және спорт министрлігі. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі №369 Жарлығына өзгерістер енгізіліп, «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы» деген атау «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия» деп өзгертіліп отыр. Ал стипендияның мөлшері бұрынғыдай 55 айлық есептік көрсеткіш (174 900 теңге – ред) көлемінде қалады.

Серіктес жаңалықтары